Атырау облысында мыңнан астам қой тірідей жанып кетті
Атырау облысында мыңнан астам еділбай тұқымдас қой қызыл жалынның ортасында қалып, тірідей жанып кетті. Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылына жақын маңында болған. Дала өрті 47 гектарды шарпыды. Оны өшіруге 30 адам мен 4 техника тартылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, тілсіз жау Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының аумағында тұтанған. Кейін Атырау облысына жайылған. Шығынға ұшыраған серіктестік 200-ге жуық қойын сойып үлгерген.
Нұрлыбек Қалиев, Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары:
Тірі қалған 199 бас қой сойып алынды. 304 бас қой Атырау қаласына автокөлікпен жеткізілді. Шығын көлемі 500 бас қой. Серіктестік тарапынан мал басы шығыны жөнінде құзырлы органдарға арыз-шағым түскен жоқ.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30