АҚШ-та инфляция соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та инфляция соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

14.07.2022

АҚШ-та инфляция соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті. Осы елдің еңбек министрлігінің есебінше, биыл тұтыну бағалары былтырға қарағанда 9,1 пайызға жоғары. Бағалардың өсуі америкалықтарға салмақ түсіргендіктен, Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемелерді айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін. Мысал келтірсек, 1 жылда бензин 59,9 пайызға қымбаттады. Бұған қоса, ең қажетті тауарлардың бағасы тұрғындардың кірісіне қарағанда жылдам өсіп жатыр. Азық-түлік, үй жалдау, жаңа автокөліктер 1986 жылдан бергі максимумға дейін қымбаттаған. Құрама Штаттарда инфляция бірнеше жыл қатарынан өсім көрсетіп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен еді. "Рейтердің" дерегінше, Украинадағы соғыс әлемде азық-түлік, жанар-жағар майдың қымбаттауына әкеліп, жағдайды қиындатып отыр.      

Хабарламаларға жазылу