Басты Жаңалықтар Павлодар облысында теміржолды су басты

Павлодар облысында теміржолды су басты

Бейне қолжетімді емес

Тасқын су  Павлодар облысындағы Баянауыл мен Май аудандары, Екібастұз қаласы бағытындағы күре жолдардың біраз бөлігін шайып кетті. Тіпті, Павлодардан 197 шақырымдағы Дегелен-Курчатов-Белогорье теміржолы қызыл судың астында қалды.

Соның салдарынан «Алматы- Павлодар» бағытындағы №31, «Астана-Лениногорск» бағытындағы №376, №67  «Защита-Астана», №68 «Астана-Защита» пойыздарының бағыты өзгерді.  Осы жайлы толығырақ «Кешкі ақпараттан»  біле аласыз.

Сонымен қатар, бүгінгі «Кешкі ақпаратта» қамтылатын жаңалықтар легі:

• Астана-Қарағанды тасжолында 11 көлік соқтығысты;

• Мемлекеттік қызметкерлер аттестация тапсырды ;

• Астана қаласындағы 15 жоғары оқу орны мен 34 колледжде  өзін-өзі басқару жүйесі жұмыс істейді ;

• Сенат депутаттары Мәдениет және спорт министрімен кездесті ;

• Өнертапқыштар бұрғылау станцияларында қолданатын кілттердің кейбір түрін жасап шығарды ;

Осы және өзге де жаңалықтарды сағат 17:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Бөлісу