Алакөл жағасына өрт сөндіру бөлімі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөл жағасына өрт сөндіру бөлімі қажет

12.07.2022

Алакөлдегі демалыс нысандарындағы өрт жергілікті атқамінерлердің немқұрайлығынан болды дейді кәсіпкерлер. Бір-ақ күнде банкрот болған бизнес иелері, енді мемлекеттен көмек сұрайды. Олар жылдар бойғы еңбектің бір түнде күл болғанына қынжылады. Дегенмен өртенген нысандардың орнына уақытша туристер қабылдайтын панажай болса да ашуға ниетті. Сондай-ақ кәсіпкерлер жергілікті биліктің төтенше жағдайға ешқандай дайындығы жоғын айтады. Мәселен осы жолы өрт шыққанда су көліктері Үржар ауылынан көл жағасына түңгі 3-те әрең жеткен. Ал тілсіз жау түнгі 11-лер шамасында тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенде демалыс нысандарынан түк қалмаған. 


Хабарламаларға жазылу