Астанада жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

14.02.2024

Бүгін Астанада жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. 2 гектар жерді алып жатқан бөлімшеде негізгі екі қабатты ғимарат пен 18 қызметтік пәтерге арналған арнайы жатақхана бар. Жаңа бекеттің өрт сөндірушілері елорданың «Көктал-1» және «Көктал-2» тұрғын алабының халқына қызмет ететін болады. Бұл аудандарда 55 мыңнан аса халық тұрады. Ал бөлімшеде 66 маман жұмыс істейді. Олардың 18-не қызметтік пәтер берілді. Сондай-ақ мекеменің қызметтік киімінен бастап, барлық техникасы да жаңа. Астанада осымен 16-шы өрт сөндіру бекеті ашылды.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Тағы да осындай өрт сөндіру бекеті Үркерде ашылады. Жоспарымыз бойынша биыл осы жылдың соңына дейін жобалау жұмыстарын бітіріп, тағы қалада осындай 32 бекетті бастаймыз. Оның ішінде интернациональный, Тельман бар.

Ерік Наурызбаев, Өрт сөндіру бөлімінің командирі:

20 жыл болды осы өрт сөндіру саласында қызмет етемін. 4 балам бар. Әйелім де осы салада. Қызметтік пәтер берді. Тегін тұрамыз.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу