Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар «Айбын» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар «Айбын» орденімен марапатталды

14.09.2021

Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыстан опат болған 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды. КЕСТЕ: Әскерилер мен өрт сөндірушілер қатарында І дәрежелі «Айбын» ордені №28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары Саят Әлімбековке, Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Сергей Заикинге және №28349 әскери бөлімі сақтау бөлімшесінің бастығы Ерлан Қырғызәлиевке берілді.

Ал, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Әділет Әділбек пен Әліби Кеңес және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері Ғафан Қуатбек пен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Жәнібек Тұрманов наградтталды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу