Алакөл жағалауына өрт сөндіру депосы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөл жағалауына өрт сөндіру депосы салынады

03.02.2023

Үржар ауданындағы Алакөл жағалауына өрт сөндіру депосы салынады. Абай облысында төтенше жағдайлар қызметін жетілдіру үшін 40 миллиард теңге жуық қаржы бөлінеді. Оның бір бөлігін өңір басшылығы демалыс базаларындағы қауіпсіздікті жетілдіруге жұмсамақ. Өткен жылы Қабанбай ауылындағы шипалы көл жағасында оқыс оқиға салдарынан 4 ірі демалыс орны отқа оранып, 3000 шаршы метр аумақтағы ғимараттар күлге айналған. Алакөлде 200-ден астам демалыс базасы бар. Бірақ қауіпсіздік сақталмаған.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

Кешенді жоспарда бізде 37 миллиард теңге қарастырылған осы Төтенше жағдайлар департаментіне. Осы Қабандай ауылында өрт сөндіру депосы салынатын болады. Тағы қосымша бір жақсы катер, қайық алып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу