Әлем кубогы: Каратэден жастар құрамасы елге жеңіспен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем кубогы: Каратэден жастар құрамасы елге жеңіспен оралды

12.07.2022

Каратэден жастар құрамасы Әлем кубогына 5-рет қатысып, елге олжалы оралды. Оларды тустары, достары мен жаттықтырушылары елордалық әуежайда сән салтанатпен күтіп алды.

Болгарияда өткен жарысқа елімізден 45 каратэші қатысты. Қазақстандық татами шеберлері 23 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды. Осылайша отандық құрама 22 мемлекеттен суырылып, әлемдік рекорд орнатты.

Дастан Абжанов, аға жаттықтырушы:

Қазақстан жалпы командалық есепте 1 орын алдық. Қазір жастарымыз жақсы, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр.

Динара Қалилова, ата-ана:

Әр жарыста қобалжимыз ата-ана болғаннан кейін 1,25 тренерлеріне көп-көп рахмет жетістікке жеткенше тәрбиелеп.


Хабарламаларға жазылу