Жас самбошылар Әлем чемпионатынан оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас самбошылар Әлем чемпионатынан оралды

14.10.2014
Жас самбошылар Әлем чемпионатынан оралды

Оңтүстік Кореяда самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында сынға түскен жерлестеріміз елге оралды.

Жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды.

Гүлфайруз Наймантаева, Назгүл Маратова және Зере Бектасқызы алтыннан алқа тақса, Айжан Жылқыбаева, Жадыра Пайыз, Ақтолқын Смағамбетова және Бағлан Ибрагим күміс жүлдегер атанды. 

Тағы 8 жерлесіміз қола жүлдені қанағат етті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Бұл бұрын соңды болмаған нәтиже.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу