Қазақ садақшылары Әлем кубогында топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ садақшылары Әлем кубогында топ жарды

24.05.2017

Қытайдың Шанхай қаласында өткен садақ ату спортынан Әлем кубогының бірінші кезеңінде топ жарған Қазақстан құрамасы елге оралды. Оларды Алматы әуежайынан жанкүйерлер мен Садақ ату спорты федерациясының өкілдері салтанатты түрде күтіп алды.

Айта кетейік, біздің жігіттер Оңтүстік Корея командасының үздік шеберлерімен бақ сынасып,  құралайды көзге атқан мерген екендіктерін дәлелдеді. Бұл - қазақ садақшыларының Әлем кубогында иеленген алғашқы алтын жүлдесі. Енді спортшыларымыз алдағы уақытта өтетін басқа да жарыстарға дайындықты пысықтауға кіріседі. 

Нұрлан Асқарұлы     

Хабарламаларға жазылу