Эпидахуал: Алматы қаласы «қызыл» аймаққа жақындады
Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл» аймаққа жақындады. Қалада күн сайын 200-дей адам вирус жұқтырып жатыр. Шаһардағы эпидахуал жөнінде бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұрған Фариза Мұсақызы баяндайды. Фариза, қалада сақтық шаралары күшейтіле ме?
Фариза Мұсақызы, тілші:
9 шілдеде Алматы «сары» аймаққа кірген еді. Бүгінде тәулігіне 200-дей адам вирус жұқтырады. Инфекция жұқтыру жағдайының көбеюі - вакцинация мен ревакцинация салдырмағаннан, дейді мамандар. Ауырғандардың 85 пайызы вакцинацияның уақыты өтіп кеткен азаматтар не екпе алмаған азаматтар. Пандемияның жаңа лебіне Алматыда 7 мың төсек-орын, 23 ковидтік клиника әзірленді. Жалпы, екпе салдыруға тиіс халық саны - 1 млн 300 мың адамнан асады. Эпидемиологтардың сөзінше, қазір елде, негізінен, «омикрон» штамының BA-2 және BA-3 нұсқалары таралып жатыр. Олар өте жұқпалы, бірақ ауру жеңіл өтеді, дейді мамандар. Алайда қарттар мен созылмалы аурулары бар науқастарда асқыну қаупі жоғары. Енді ел бойынша ахуалға тоқтала кетейін. Соңғы тәулікте 454 қазақстандық вирус жұқтырған. Оның ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы облыстарында індет жұқтырғандар саны артып жатыр. Бүгінде коронавирусқа шалдыққан 14 науқас ауыр халде жатыр. 3 мыңға жуық адам ем қабылдауда. Оның 300-дейі стационарда.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06