Басты Жаңалықтар Көкшетауда дауылдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр

Көкшетауда дауылдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр

Ақмола облысы Зеренді ауданында дауылдың салдарынан жарықсыз қалған елдімекендерге электр энергиясы берілді.

Аймақта кеше қатты жел соғып Ақадыр, Ұялы, Еңбек-Бірлік ауылдары электр жарығынсыз қалған. Сондай-ақ, Ақадырдағы 8 үйдің шатыры зақымданған. Дуалдан тұрғындардың қора-қопсылары қираған.

Қазіргі уақытта бүлінген барлық нысандар бойынша актілер толтырылды. Өтемақы көлемін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Қаржы содан кейін бөлінеді.


Бөлісу