Таяу шығыста миллиондаған мұсылман айттың бірінші күнін мерекелеуге кірісті. Каир, Бағдад, Бейрут және тағы басқа қалалардың тұрғындары мешіттерге жиналып, Аллаға құлшылық етіп, үй аралап, бір-бірін құттықтап жатыр.
Биылғы мейрам бүкіл әлемді қыспақққа алған қымбатшылықпен тұспа-тұс келді. Сондықтан, Араб елдерінде құрбандық шалудан бас тартқандар бар. Дегенмен, экономикалық қиындықтарға қарамастан, ислам дүниесінде жамағат айтты пандемияға дейінгі дәрежеде тойлап жатыр. Өйткені, кейінгі екі жылдағыдай қазір карантиндік шектеулер жоқ.
Махмұд Әбдел Қадыр, Мысыр тұрғыны:
Ораза Айт биыл жақсы өтіп жатыр. Экономикалық қиындықтар мен вирус қаупіне қарамастан жұртшылық мешіттерге көптеп жиналды. Мұндайды күтпеп едім. Өзге провинциялар мен басқа мемлекеттерден келгендер де бар. Мереке құтты болсын!
Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге барған мұсылмандар Минадағы Мұздалифа жазығында тас жинап, оны шайтанға атты. Осылайша, мұнда да Ид-әл-Адха мерекесі басталды.
Айта кетсек, Меккеге 1 миллиондай адам жиналды. Олардың көпшілігі – шетелдіктер. Пандемияға байланысты соңғы жылдары үлкен қажылық тек саудиялықтарға ғана рұқсат етілгені белгілі.