Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

04.10.2014
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрбан айт мерекесі - ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі.  Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады.

Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кең пейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады. Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын!», делінген құттықтауда.

Хабарламаларға жазылу