Қызылордада азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 4 сауда орны анықталды
Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағамын негізсіз көтерген 4 сауда орны анықталды. Салаға жауаптылар кәсіпкерлерге әкімшілік шара қолданып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалпы жыл басынан бері тұрғындардың арыз-шағымына сәйкес 17 нысанға тексеру жүргізілген. Көбіне үй ауласындағы дүкендерде тауарлар бірнеше есе қымбат бағада сатылады. Осы кезге дейін 2 мыңнан аса шағын кәсіп иелеріне ескерту беріліп, ұдайы мониторингтік бақылау жүргізіп келеді. Мамандар өңірде Үкімет бекіткен 19 түрлі азық-түлік қорының көлемі жеткілікті деп отыр. Бірақ, соған қарамастан нарық күннен күнге шарықтап барады.
Фердоуси Қожабергенов, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:
Соңғы уақытта көтеріліп жатқан осы қант бағасы, одан бөлек өсімдік майы дейміз, қай түрінен де бағаның өсуі болған жағдайда біз сол тиісті себебін анықтау жұмыстарын жүргіздік. Бірінші кезекте, әкімшілік жаза есебінде ескерту беріледі. Жыл көлемінде қайталаса тиісті көлемде айыппұл қарастырылған.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2025 жылы қандай айтулы оқиғалар есте қалды?
29.12.2025, 17:11
Мәжіліс туризм туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады
29.12.2025, 17:06
Түркістан облысының ТЖМ қызметкерлеріне жаңа көліктер берілді
29.12.2025, 17:04
Жер қойнауын барлау және пайдалану жұмыстарына инвестиция тарту жеңілдеді
29.12.2025, 17:03
Жамбыл облысында жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді
29.12.2025, 17:00
Педагог тапшылығын шешуге арналған пилоттық жоба
29.12.2025, 16:58
Ертең қаңтар айындағы ҰБТ-ға тіркеу аяқталады
29.12.2025, 16:57
2025 жылдың қорытындысы: Реформалар, инновациялар және тұтастық
29.12.2025, 16:55