Қостанайдағы нөмірі 61-ші балабақшада бала орындықтан құлап, бұғанасын сындырды. Оқиғаның қалай болғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан балалардың үстел басында отырғанын, сәлден соң бөлмеге кірген тәрбиеші жайғасқан соң, өзіне қол созым жердегі баланың орындығын жұлқи тартып қалғанын көруге болады. Кейін мәлім болғандай құлағанда бұғанасы сыныпты. Алайда полиция бұл оқиғаға байланысты іс қозғаған жоқ. Мұндай жағдайда ата –анасы сотқа шағымдану арқылы кінәліні жауапқа тарта алады. Дегенмен, тәрбиеші жұмыстан босатылған. Балабақша меңгерушісі де тәртіптік жауапқа тартылды.
Дана Мағауина, баланың анасы:
Тәрбиеші бірнеше рет кешірім сұрады. Бірақ баланы не үшін жұлқығанын түсіндіре алмады. Біз дереу полицияға жүгіндік. Арыз жаздық. Бірақ қылмыстық іс қозғалмайтыны жөнінде жауап келді.