Ақтөбе облысының Қаратал ауылында қарғын су 25 үйдің ауласына кірген
Ақтөбе облысының Қаратал ауылында қарғын су 25 үйдің ауласына кірген. Бұған дейін жергілікті билік тек 2 үйдің бүлінгенін хабарлаған. Бірақ қазір 5 адамның баспанасы тұруға жарамсыз екені анықталды.
Ойыл ауданындағы елдімекенге су екі күн бұрын кірген. Ауыл тұрғындары тасқынмен өз беттерінше күрескенімен ағын су бөгетті бұзып кетті. Қазір арнайы құрылған комиссия үй-үйді аралап жүр. Яғни, тұруға жарамсыз үйлердің саны өзгеруі мүмкін. Бағалау жұмыстары аяқталған соң қанша тұрғынға үй берілетіні айтылады. Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, кейбіріне жаңадан баспана тұрғызылуы да мүмкін.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06