Жаңадан құрылған үш облыстан сенаторлар сайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңадан құрылған үш облыстан сенаторлар сайланады

10.06.2022

Жаңадан құрылған Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарынан Сенатқа депутаттар сайланады. Бұл туралы Жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. «Жаңа аймақтардан сенаторларды сайламау - заңға қайшы әрі әделетсіз болады», - деді спикер.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Жаңа облыстардан да сенаторлар келеді. Бірақ оны Сенат құрамының үлкеюі деп қабылдамаңыздар. Себебі Президент квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқарып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу