БҚО-да екі қолынан айырылған балаға 3 бөлмелі пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да екі қолынан айырылған балаға 3 бөлмелі пәтер беріледі

30.06.2022

Батыс Қазақстанда токқа түсіп, екі қолынан айырылған 5 жасар балаға әкімдік кәсіпкерлер көмегімен 3 бөлмелі пәтер беретін болды. Өйткені көп балалы отбасының облыс орталығында баспанасы жоқ. Қазір Аманжол Орынбектің әкесі үш баламен ауылда, ал анасы бір айдан бері оның қасында ауруханада жатыр. Алматылық белгілі кәсіпкер сыйлаған екі бөлмелі шағын пәтер де баланың отбасында қалады. Азаматтық қоғам белсенділері шот ашып, халықтан жиналған 12 млн-ға жуық теңге баланың жыл сайынғы ем-домына қажет. Бүгін Оралда өтіп жатқан қайырымдылық концертінен түсетін қаражат та есепшотқа аударылады. Бұған дейін Ұлттық арнадағы «1001 түн» бағдарламасында Алматыдағы протездік-ортопедия орталығының басшылығы, балақайға 18 млн теңгенің протезі тегін берілетінін сүйіншілеген еді.

Нұрхат Жанбоз, Облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

Пәтер алу бойынша шешім қабылданды құрылыс компаниялардың келісімімен. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша, баланың тұрғылықты жері ауруханаға жақын болуы керек. Өйткені 5-6 ай реабилитациясы бар протез салынғанға дейін. Осыған орай ауруханадан алыс емес, жаңадан көп пәтерлі үй салынып жатыр. Сол үйден 3 бөлмелі пәтер табыстау шешімі қабдылданды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу