ДДСҰ мәлімдемесі: Маймыл шешегі балаларға жұға бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ мәлімдемесі: Маймыл шешегі балаларға жұға бастады

07.07.2022

Маймыл шешегі балалардан табыла бастады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Вирус 10 жасқа толмаған жеткіншектерден анықталып отыр. Індеттің 18-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тарауы да, әлі зерттелмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 58 елінде 6 мыңдай адамнан табылды. Науқастардың 80 пайызы - Еуропа тұрғындары.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу