Коронавирус жануарларға жұға бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жануарларға жұға бастады

07.04.2020

Биыл елімізде жануарларда кездесетін 19 аса қауіпті ауруға қарсы 150 миллион екпе жасалады. Бүгінде вакцина үшін 120 миллион ветеринарлық препарат пен 30 мың литр залалсыздандыру дәрілері сатып алынған. Олар аусыл, сібір жарасы, құтыру, құс тұмауы, оба, пастереллез секілді түрлі мал ауруларының алдын алады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай кезінде Қазақстанның ветеринарлық қызметі жұмысын тоқтатпайды. Жануарлардың жағдайы қатаң бақыланады.

Дегенмен, күні кеше Нью-Йорктегі Бронкс хайуанаттар бағында 4 жасар Надия атты аланның коронавирус жұқтырғаны, артынша тағы 3 жолбарыс пен үш арыстанның індетке шалдыққаны анықталған. Жануарға вирус зоопарк жұмысшысынан жұққан деген болжам бар. Бұған дейін COVID-19 вирусын әлемде ит пен мысықтың жұқтырғаны тіркелген.

Гаухар ТӨЛЕКБАЕВА


Хабарламаларға жазылу