Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарады

26.05.2022

Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарап, Еуропада вирусты ең көп жұқтырғандар Ұлыбританияда тіркелді. 

Марина Бекенова, тілші:
Англияда індетке шалдыққандардың жалпы саны елу жетіге жетті. Лондонның Челси ауданында орналасқан клиниканың онға жуық қызметкері науқаспен байланыста болғандықтан шұғыл оқшауландырылды. Жалпы Испания, Португалия, АҚШ және Австралияда вирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Тізімде Шотландия мен Дания да бар. Жалпы әлемде инфекцияның жүзге жуық жағдайы тіркелген.
Розамунд Льюис, ДДСҰ шешекпен күрес ұйымының бөлім басшысы:
Маймыл шешегінің негізгі белгісі теріде бөртпе пайда болады, қызу көтеріліп, әлсіздік сезіледі. Егер бойыңыздан инфекцияның қандай да бір белгілері байқалса, шұғыл дәрігерге жүгіну керек.

Мамандар қоғамдық орындарда ауру тез жұғады дейді. Яғни науқас адам жөтеліп немесе түшкірген жерде, ол пайдаланған затты қолданған жағдайда маймыл шешегін жұқтыру ықтималдығы өте жоғары. Дәрігерлер вирус туралы ақпарат әзірге аз болғандықтан мейлінше сақтанып жүруге шақырады. Еуропада жағдай бақылауда және соншалықты қауіпті емес. Мамандар қарапайым шешекке қарсы вакцина қорын молайту қажеттігін айтады, себебі ол маймыл шешегіне де қарсы тұра алады дейді. 

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу