ДДСҰ: Маймыл шешегі 550 адамнан анықталды, жұқтырғандар саны әлі де өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Маймыл шешегі 550 адамнан анықталды, жұқтырғандар саны әлі де өсуі мүмкін

02.06.2022

Маймыл шешегі әлемнің 30 еліне тарап, 550 адамнан анықталды. Бұл - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі.

Халықаралық органның ақпаратына сай, вирусқа шалдыққандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Сондықтан қадағалауды күшейту керектігі туралы айтылды.

Еске салайық, маймыл шешегіне шалдығу оқиғасы алғаш рет Британияда мамырдың 7-сінде тіркелді. Вирус Нигерияға барып келген азаматтан анықталған.

Денсаулық сақтау мамандарының мәліметінше, маймыл шешегі жеңіл өтеді, әрі науқастар індеттен бірнеше апта ішінде айығып шығады.


Хабарламаларға жазылу