Сарыоба көлінде суда қалған екі адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыоба көлінде суда қалған екі адам құтқарылды

05.07.2022

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Үлкен Сарыоба көлінде суда қалған екі адам құтқарылды. Олар 14 жасар қыз бен оның әкесі. Жасөспірім үрленген дөңгелекпен суда жүзіп жүргенде, оны жел көлдің ортасына жағадан шамамен 2 шақырым қашықтыққа алып кеткен. Әкесі өзі құтқаруға әрекет етеді. Алайда, қатты жел салдарынан толқындар көтеріліп, ересек адамның өзіне көмек қажет болды. Құтқарушылар қайықпен келіп, екеуін де судан шығарып алды. Демалуға екі отбасы келген. Олар көлдің шомылуға бейімделмеген жерінде суға түскен.

Қайрат Қасым, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Қыз суда 2 сағаттай уақыт болған. Сондықтан тоңып қалған. Әйтеуір қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Психологиялық көмек көрсетілді. Бұл жерде демалушылардың өздерінің қателігі. Сондықтан тұрғындарды ауа райы қолайсыз болса, суға түспеуге шақырамыз.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу