Атырауда жарты тоннаға жуық балық қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жарты тоннаға жуық балық қырылып қалды

04.05.2021

Атырауда «Безымянное» көлінде жарты тоннаға жуық балық қырылып қалды. Уылдырық шашуға кірген балықтар Жайыққа жете алмай таяз суда қайырлап қалған. Ал, ауыл іргесіндегі тегін олжаны көрген тұрғындар, ескертуге қарамастан оларды шелектеп жинап алып кеткен. Бүгінде 3 тонна балық құтқарылып өзенге жіберілді. Жасанды канал қазылды. Нәтижесінде көлге балықтардың шығуы тоқтады. 

Нұрлыбек Ғайсин «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік Балық шаруашылығы инспекциясының міндетін атқарушы:
Бұған қорқатын ештеңесі жоқ. Бұдан басқа тағы да жоғарыда көлдер бар. Қызылжар деген көліміз бар. Толықтай қадағалап отырмыз. Жаңағы 8-ші ауыл деген көл бар. Бұған кіре алмаған балық соған кіріп уылдырығын шашатын болады. Қазір мынаны біз бөгейміз. Бөгет болғасын қалған балықтың тірілерін құтқарып қалғанын осы Жайыққа қайтадан жіберу жұмыстарын жасаймыз.

Жандос Темірғали 


атырау балық

Хабарламаларға жазылу