Қазақ-өзбек байланысы: Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев телефонмен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек байланысы: Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев телефонмен сөйлесті

04.07.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақтылы қабылданды деп есептейді. Бүгін мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елге Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды, сәтті өткізуіне тілектестік білдірді. Және бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, маңызды қадам болатынын атап өтті. Сонымен қатар әңгіме барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселе талқыланды. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу