Мемлекет басшысы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті

21.11.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефонмен сөйлесті. Тәжікстан басшысы Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. Тараптар келесі жылдың басында екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті. Сондай-ақ қос мемлекет халықтарының игілігі жолында ынтымақты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Одан соң Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев та Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, саяси науқандағы жеңісімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров та телефон арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы құттықтағаны үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдіріп, Қырғызстанмен арадағы көп жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта беретініне ниетті екенін жеткізді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу