Елбасы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

20.03.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты ахуалды талқылап, жаһандық індетті еңсеру үшін екі елде қабылданып жатқан шараларға қолдау білдірді. Сондай-ақ қазақ-өзбек ынтымақтастығы мен өңірдегі күн тәртібінде тұрған мәселелер қозғалды. Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу