Жетісу облысында бір мезетте 500 бала күй орындады
Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында бір мезетте 500 бала күй орындап, көпшілікті тәнті етті.
Орталық алаңда қазақтың қара домбырасын күмбірлеткен Ескелді ауданындағы елдімекендерден жиналған оқушылар. Жалпы ауданда мыңнан астам бала домбыра үйірмелеріне қатысады. Мерекелік шарада кәсіби күйшілер қазақтың киелі аспабының шығу тарихын айтып, түрлі аңыздарды әңгімеледі.
Ауыл тұрғындарының көңілін елең еткізген шарада жұрт ұлттық бұйымдардың көрмесін тамашалады. Балалар жағы асық ойнап, аға буын аудан өнерпаздарының концертін тамашалады. Зиялы қауым ақын Бақтыбай Жолбарысұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Алина Қанат, оқушы:
Өзім қазіргі уақытта сегіз күйді орындай аламын. Бұйырса жақында "Адай" күйін үйренемін. Домбыраны шерткенде өзімді еркін сезінемін. Көңіл-күйім жоқ кезде домбыра шертсем, өзімді сондай жақсы сезініп қаламын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06