Каспийдегі 220 итбалықтың нақты неден қырылғаны белгісіз – министрлік
Каспий жағалауынан табылған 220 итбалықтың нақты неден өлгенін анықтау мүмкін болмады. Өйткені өлекселері жидіп кеткендіктен тиісті сынама ала алмаған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшелері мәлімдеді.
Десе де, ғалымдар бірнеше болжамды себептерін алға тартты. Біріншісі, итбалықтардың ашық теңізге ерте шыққан күшіктері әлсіреп өлген. Сондай-ақ, су жануарлары браконьер құрған ауға және басқа да балық аулау құралдарына түсуі мүмкін. Ал Қашағандағы теңіз табанын тереңдету жұмыстарының итбалықтар тіршілігіне кері әсері жоқ, деп есептейді мамандар.
Аян Бахиянов, ҚР Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:
Тікелей осы қазір жүргізіліп жатқан жұмыстар әсерін тигізбейді. Өйткені, біріншіден, ғалымдардың айтуынша, табылған итбалықтардың ыдырау сатысына қараған кезде олар қыста өлген. Ал Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстары көктемде басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06