Ресейде конго-қырым безгегінің жаңа штамы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде конго-қырым безгегінің жаңа штамы тіркелді

01.07.2022

Ресейде конго-қырым безгегінің жаңа штамы тіркелді. Жедел вирусты ауру - елдің оңтүстігінде анықталған. Бұл штам көбіне Африка елдерінде кездеседі. Дер кезінде ем қабылдамаса, вирус жұқтырғандардың 30 пайызы қайтыс болып кетеді дейді мамандар. 20 мен 60 жас аралығындағы адамдар жиі жұқтырады екен. Сонымен қатар үй жануарлары мен кенелерде де болуы мүмкін. Адамнан адамға көбіне қан, биологиялық сұйықтық арқылы таралады. Ал, вирус жұқтырып алған адамның дене қызуы көтеріліп, көздің қабынуы байқалады. Сонымен қатар тамақ пен іш ауруы, депрессияға ұшырау сияқты белгілер бар. Өкпенің ісінуі, пневмония адам өліміне алып келеді. Инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін барады. Жалпы қазір жаңа вирустардан ешқандай вакцина жоқ. Сондықтан осыған дейін алынып тасталған карантиндік шектеулер қайта енгізілуі мүмкін.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу