Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйді сүру басталды
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйді сүру басталды. Шұғыла ықшам ауданындағы 12 қабатты кешенді бұзу жөнінде сот шешімі күшіне енді. Жалпы, заңсыз құрылыс бойынша арыз-шағым сол маңдағы көршілерден келген. Тексеріс барысында нысанның негізсіз бой көтергені белгілі болып, компания иесіне әкімшілік шара қолданылды.
Сондай-ақ, оған өздігінен демонтаж жұмыстарымен айналысу тапсырылған еді. Алайда, кәсіпкер сот шешімін елемеген. Осы себепті, бүгінде үй мәжбүрлі түрде бұзу шаралары сол кәсіпкердің есебінен жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Алматыда құрылыс басқармасының келісімінсіз соғылған 14 мыңдай құрылыс нысаны бар.
Медет Абаев, қала құрылысын бақылау басқармасының аудандық бөлім басшысы:
Меншік иесі Артехнос компаниясымен сәулет жоспарлау тапсырмасын алмай, эскиздік жоба келісілмей, жобалық- сметалық құжаттамаларсыз басталғаны анықталды . Осыған сәйкес, әкімшілік шара қолданылып, заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49