Ресей әскері «Змеиный» аралынан кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері «Змеиный» аралынан кетті

30.06.2022

Ресей әскері Украинаның «Змеиный» аралынан кетті. Қарулы қақтығыс басталғалы бұл аумақ Ресейдің бақылауында болған еді. Осы елдің қорғаныс министрлігі, қарулы күштерінің аралдан шыққанын растады.

Игорь Конашенков, Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Ресей қарулы күштері маусымның 30-да Змеиный аралындағы міндеттерін аяқтап, өз еркімен кетті. Осылайша, біз әлемдік қауымдастыққа Ресей БҰҰ-ның Украинадан ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау үшін гуманитарлық дәліз ашу ниетіне тосқауыл болмайтынын көрсетіп отырмыз.

Ал Украинаның «Оңтүстік» жедел қолбасшылығы ресейлік әскерилер шоғырланған Змейный аралына зымыранмен және артиллериялық соққы бергенін мәлімдеді. Бұл дерекке сай, шабуыл нәтижесінде, Ресей күштері асығыс түрде эвакуацияланған. Украина әскерилерінің мәліметінше, қазір аралда өрт тұтанып, жарылыстар жаңғырығы естіліп жатыр. Тағы бір мәлімет. Киев пен Мәскеу әскери тұтқын алмасты. Нәтижесінде әр тараптан 144 сарбаз жіберілген. «Би-Би-Си»-дің дерегінше, Украина жағынан босатылған 144 жауынгердің 95-і – «Азовсталь» зауытын қорғағандар.

Владимир Зеленский, Украина Президенті:

Елдің қорғаныс, барлау қызметіне және осы нәтиже үшін жұмыс істеген баршаға алғыс білдіремін. Украиналық әрбір ер мен әйелді қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.


Хабарламаларға жазылу