Алматыдағы «Алтын Орда» базары төңірегіндегі дау әлі бітер емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Алтын Орда» базары төңірегіндегі дау әлі бітер емес

30.06.2022

Алматыдағы «Алтын Орда» базары төңірегіндегі дау әлі бітер емес.

Құқық қорғаушылар «Құрылыс ЛТД» серіктестігі басқаның қолына заңсыз өтіп кетті деп отыр. Олар мүлік базар иесінің өз еркімен мемлекетке немесе кооперативтік жекеменшікке берілуі қажет екенін айтты. Мұндай жағдайда сауда орнындағы азық-түлік бағасы едәуір арзандар еді.

Тағы бір жолы – дауды сот шешеді. Яғни ірі базардың иесін мемлекеттік орган анықтап беруі тиіс. Осы дауға байланысты бұрынғы қожайындар тарапынан азаматтық шағым 1-2 аптаның ішінде сотқа жіберіледі.

Биыл көктемде базар жұмысы тексеріліп, бірақатар кемшіліктер анықталған болатын. Заңгерлер осы бағыттағы іс-шаралардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғам өкілдерін де тарту керек деп есептейді.  

Дәурен Ғабдул, заңгер:

Біздің топ бұл істі егжей-тегжей қарап, бұл мәміле заңды өрескел бұзып отыр деген шешімге келдік. Сондықтан істі сот қарап, ақ-қарасын анықтап беру қажет. Біз осыны сұрап отырмыз.

Хабарламаларға жазылу