Ақтөбелік құтқарушы жасөспірімді 5 метр тереңдіктен алып шықты
Ақтөбелік құтқарушы суға батып бара жатқан 15 жастағы баланы 5 метр тереңдіктен алып шықты. Жасөспірім достарымен бірге Елек өзенінің рұқсат етілмеген жеріне шомылуға барған. Жағадан 20 метр жерде суға тұншығып, батып кеткен. Сол маңда жүрген құтқарушы Рүстам Харченко лезде көмекке жеткен. Тереңге сүңгіп, баланы құтқару шеңберіне салып, жағаға алып шыққан. Алғашқы медициналық көмекті де көрсетті.
Рүстам Төтенше жағдайлар департаментінде 4 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін де бірнеше мәрте осындай ерлік көрсетіп, мақтау грамоталарымен марапатталған. Соңғы оқиғадан кейін бала мен оның ата анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушы:
Өзенге ата-анамның рұқсатынсыз бардым. Екі қадам жасағаннан-ақ батып кеттім. Мені Рустам Харченко құтқарып алды. Мен оған қарыздармын, үлкен алғыс айтамын!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06