Биыл елімізде үлкен қажылыққа 4 мың адам барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде үлкен қажылыққа 4 мың адам барады

30.06.2022

Қазақстандықтар екі жылдық үзілістен кейін, алғаш рет үлкен қажылыққа аттанды. Сауд Арабиясы пандемиядан кейін, құлшылық етушілерді уақытша қабылдамаған болатын. Биыл қажылыққа елімізден 4000 адам барады. Парызын өтеушілердің жасы 65-тен аспауы тиіс. Сауд Арабиясы билігі келушілерге биыл маска тағып жүру, 72 сағат бұрын алынған ПТР тестінің нәтижесі болуын міндеттеген. Бұдан бөлек, менингокок инфекциясына қарсы екпе салдыруы тиіс. Сондай-ақ, Мекке мен Мәдина қаласына келетін құлшылық етушілердің санын екі есеге дейін қысқартқан. Алматы әуежайынан қажылыққа аттанушыларға Бас мүфти рухани қолдау көрсетіп, сапарларына сәттілік тіледі.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас муфти:

Жалпы адам санына келетін болсақ, Сауд Арабия корольдігі бөледі. Биыл пандемияның кейінгі шектеулері бар, биыл екі есеге азайтты. Бұрын 2 миллионнан астам қажы алатын болса, биыл 1 миллион адамға қажылық жасауға рұқсат етті.

Ғалия Мырзамбетова, қажылыққа аттанушы:

Өте қатты қуанып тұрмын, дайындалғаныма бірнеше жыл болды. 2017-2018 жылдан ден бері дайындалғанымын. Бірақ сәті биыл түсіп тұр. Пандемиядан кейін ашылған бірінші қажылықтың бірінші жаршылары болып бара жатырмыз. Қуаныштымын.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу