Қаңтар оқиғасында алты адам ҰҚК қызметкерлерінің азаптауынан қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасында алты адам ҰҚК қызметкерлерінің азаптауынан қайтыс болған

29.06.2022

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу кезінде 15 құқық қорғау органдарының қызметкері «ұсталғандарды азаптады» деген күдікке ілікті. Оның 9-ы қазір қамауда. Қалғандары бостандықта. Десе де, олар қашып кетпеуі үшін арнайы шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары айтты.

Қолға түскен 8 адам - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, біреуі полицей. Олар «осы іске қатысы болуы мүмкін» деп қызметінен де шеттетілген. Айыпталушылардың арасында Ұлттық ұланнан ешкім жоқ, дейді. Сонымен бірге, құзырлы орган өкілі жаппай тәртіпсіздік кезінде көз жұмағандардың тізімін жариялау әлі ерте екенін айтады.

Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

232-сі қаңтар оқиғасы кезінде, ал алтауы азаптаудан өлген. Ол тізім бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Мен басқа ақпарат бере алмаймын. Ол қандай, қалай болғандығы анықталып жатыр. Қай жерде, қалай болғанын, неден қайтыс болғандары анықтап жатыр.


Хабарламаларға жазылу