Қаңтар оқиғасы: Зардап шеккендердің отбасына 495 миллион теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Зардап шеккендердің отбасына 495 миллион теңге бөлінді

31.03.2022

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендердің отбасына 495 миллион теңге бөлінді. «Қазақстан халқына» қоры қаза тапқан күштік құрылым қызметкерлерінің отбасыларына 133 млн, ал ауыр жарақат алғандардың отбасыларына 318 млн теңге қарастырды. Бұған қоса, кездейсоқ құрбан болған азаматтар және жапа шеккен балалар да назардан тыс қалмады. Олардың жанұяларына, 35 және 9 млн теңге көлемінде қолдау жасалды. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады. Қорға түскен өзге өтініштер қаралып жатыр. Қазір онда 125 миллирд теңге жиналған. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу