«Қазақстан халқына» қоры: Оралдық бүлдіршінге құны 1 млрд теңге тұратын екпе салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоры: Оралдық бүлдіршінге құны 1 млрд теңге тұратын екпе салынды

04.04.2022

Оралдық бүлдіршінге құны 1 млрд теңге тұратын екпе салынды. Препарат Қазақстанда тіркелмеген. Мұндай ем-дом өте қымбат саналады. «Золгенсма» препараты шетелден арнайы жеткізілген. Қыздың ата-анасы қуанышты жаңалықпен әлеуметтік желіде бөлісті. Сәбиді Қазақстан халқы аман алып қалды деп отыр.

Омыртқа бұлшық етінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға осы препарат сатып алынған. Құны 3,7 млрд теңге. Қаражат «Қазақстан халқына» қоры арқылы төленді.

Сондай-ақ қордан Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 495 млн теңге көлемінде көмек берілді. Оның ішінде қаза тапқан әскери қызметкерлер, Ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына 133 млн, ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, Ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне 318 млн, Қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған ел азаматтарының отбасына 35 млн, Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасына 9 млн теңге берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.


Хабарламаларға жазылу