Шымкентте түрме бастығы пара алғаны үшін 9 жылға сотталды
Шымкентте түрме бастығының өзі түрмеге тоғытылды. Қызметін асыра пайдаланған лауазым иесі 9 жылға сотталды. Ол жазасын өтеп жүрген алты адамнан 4 миллион теңге пара алған. Қарымтасына сотталғандардың жазасын жеңілдетіп, «мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығуына жағдай жасаймын» және «жеңіл режимдегі түрмелерге ауыстырып беремін» деп уәде еткен.
Яғни жазасын өтеушілерге мінсіз мінездеме жіберіп, рақымшылыққа ілігуіне көмектеспек болған. Осындай жолмен оңай олжаға кенелуді көздеген түрме бастығы енді жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады.
Еркебұлан Төлешов, Әл-фараби аудандық сотының төрағасы:
Алты көрініс бойынша Жүнісбековтың кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенменде алты азаматтың жауаптары, басқа да куәгерлердің жауаптарымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады. Жаза бойынша бүкіл жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескере келе сот Жүнісбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06