ШҚО-дағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілуі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Қазгидромет орталығының мәліметі бойынша аймақта алдағы екі тәулікте толассыз жауын болуы ықтимал. Оған қоса күн күрт ысиды деген болжам бар. Сондықтан таудағы қар еріп өзендер тасуы мүмкін. Егер су тасыса Қатонқарағай, Алтай, Самар аудандарындағы тау арасы мен өзен жағасын қоныстанған ауылдарға қауіп төнуі қаупі бар. Жалпы шығыста көктемде су тасқыны үш толқынмен өтеді. Алғашқысы наурыз бен сәуірде болса, екіншісі мамырда болуы мүмкін. Ал соңғысы таудағы мұздықтар ерігенде, яғни маусым мен шілдеде өтеді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09