Көптеген өңірде құрғақшылық болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көптеген өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

30.03.2021

Биыл жазда көптеген өңірде құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері айтты. Себебі, біріншіден, қар аз түссе, екіншіден, көрші елдердің қоймаларындағы су көлемі бұрынғыдан аз. Сондықтан, қазір қауіптің алдын алу шаралары қолға алынған.

Медет Жәдігерұлы, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті, мелиорация басқармасының басқарма басшысы:
Су шаруашылығы ұйымдарына биылғы суару кезеңіне дайындық үшін суару жүйелерін көктемгі мамыр айына дейінгі уақытта аяқтау тапсырылды. Және де суды көп талап ететін дақылдар алаңын қысқарту бойынша ұсынымдар берілді.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу