«Qurultay» арнайы мобильдік қосымшасы күзде дайын болады
«Qurultay» арнайы мобильдік қосымшасы күзде дайын болады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесі отырысында мәлім болды.
«Qurultay» қосымшасы халықпен байланыс жасаудың тиімді әдісі болмақ. Осы арқылы кез келген азамат қоғамды толғандырған мәселелер бойынша ой-пікірімен бөлісіп, ұсыныс жасай алады. Қазақ болмысын ұлттық рухпен қанаттандырған Ұлттық құрылтайдың көкжиегін кеңейтіп, оның халықпен етене жақын жұмыс істеуіне ықпал ететін болады.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары:
Қауіпсіздік шаралары жақсылап жасалған. Бұл туралы арнайы тұсаукесер болған кезде мамандар түсіндіріп айтатын болады. Қыркүйек айында бұл қосымша іске қосылады деген жоспар бар. Жергілікті жердегі мәселелер де назардан тыс қалмас үшін арнайы телевизиялық жоба болады. «Құрылтай» деп аталады. «Qazaqstan» және «Хабар» арналарының ұйымдастыруымен.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыОтандық өнертапқыштардың қызықты жобалары ұсынылды
15.03.2026, 19:37
Депутаттар дауыс берді
15.03.2026, 19:36
Ақмола облысында еңбек ұжымдары белсенділік танытып жатыр
15.03.2026, 19:33
ҚР ІІМ: Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты
15.03.2026, 19:17
Түркістан облысында референдумда жастар белсенділік танытты
15.03.2026, 19:12
Алматыда депутат Азат Перуашев дауыс берді
15.03.2026, 19:05
Дауыс беру учаскелерінің жабылуына 1 сағат қалды
15.03.2026, 19:05
Өңірде 2800 байқаушы референдум барысын бақылап отыр
15.03.2026, 19:00