Оқушыларға «мамандықты бағыттаушы» мобильдік қосымша ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларға «мамандықты бағыттаушы» мобильдік қосымша ұсынылды

29.04.2014
Оқушыларға «мамандықты бағыттаушы» мобильдік қосымша ұсынылды
Енді мектеп түлектері мамандықты мобильдік қосымша арқылы дұрыс таңдай алады. Бұл ерекше жобаны елімізде Қарағанды облысының Білім басқармасының ұжымы ұсынып отыр.
 
Қазір кез келген оқушының ұялы телефоны, смартфоны, айфоны, айпады немесе планшеті бар. Осыны ескере отырып, ойлап шығарылған «Мамандықты бағыттаушы» деп аталатын мобильдік қосымшаны кез келген плеймаркеттерден тегін жүктеп алуға болады.
 
Әзірше Қарағанды облысы төңірегіндегі колледждер және олардағы мамандық түрлері туралы толыққанды ақпараттық қосымшалар ғана дайын.
Алдағы уақытта аймақтағы жоғары оқу орындары туралы мәліметтердің де жүктемелері қолданысқа жіберілмек.
 
Үміткерлер алдымен мобильдік қосымшадағы арнайы тестілеуден өтіп, соның қорытындысы бойынша біліміне сай бірнеше мамандықтар ұсынылады.
Одан әрі өзі жүктемеге сұрау сала отырып ол мамандықтардың қай оқу орнында бар екені туралы мағлұмат алады.
 
Дастан Қажиев, Қарағанды қаласы №92 мектеп-гимназия оқушысы:
Бұл бағдарлама бізге ұнады. Себебі бізге ол жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Қандай оқуға түсетінімізді, неше жыл оқитынымызды, қандай маман болып шығатынымызды сол бағдарлама арқылы білеміз.
 
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу