«Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының үздіктерін халық дауыс беру арқылы тікелей эфирде анықтайды.
Бұған дейін «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек» кезеңдерінен суырылып шыққан 20 үміткер енді «Тікелей эфир» кезеңінде бақ сынайды. Бұл жолы үздіктердің үздігін тәлімгерлер емес, халық Qazaqstan.tv сайтында дауыс беру арқылы таңдайды.
«Балалар жылы» аясында еліміздің дарынды балаларын бүкіл әлемге танытуды мақсат еткен жобаға 7 жастан 14 жасқа дейінгі 4400 баладан өтінім келді. Оның ішінен «Көрмей таңдау» кезеңіне 120 бала іріктеліп алынды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттардың басын қосқан жобаға Ресей, Грузия елдерінен де үміткерлер қатысты.
Жоба тәлімгерлері: Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, Дастан Оразбеков. Әлемдік мегажобаның тікелей эфирін бүгін кешкі 21:00-де тікелей эфирде көре аласыздар.
