Ауғанстанда жер сілкінісі құрбандарының саны 1150-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жер сілкінісі құрбандарының саны 1150-ге жетті

24.06.2022

Ауғанстанда жер сілкінісі құрбандарының саны 1150-ге жетті. Мұны «Талибан» билігі бүгін хабарлады. Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызыл Крест елдің Пәкістанмен шекаралас Пактика және Хост провинцияларына гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр.

Сонымен қатар, азық-түлік, дәрі-дәрмек және өзге де қажетті заттар тиелген ұшақтар Иран, Пәкістан, Үндістан мен Катардан да жетті. 38 миллион тұрғыны бар Ауғанстан онсызда ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, жыл соңына дейін жергілікті халықтың 97 пайызы кедейшілікке душар болып, жұмыссыздық деңгейі 40 пайызға жетуі мүмкін.

Айта кетсек, Ауғанстан қуаты 6,1 баллдық зілзала сәрсенбі күні түн ішінде ел ұйқыда жатқанда болып, одан 3 мыңдай үй қирап, тағы мың жарымнан астамы жараланды.


Хабарламаларға жазылу