Теміржолдағы кептеліс: Қостанай облысында 300-ге жуық вагон қаңтарылып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржолдағы кептеліс: Қостанай облысында 300-ге жуық вагон қаңтарылып тұр

23.06.2022

Қостанай облысында теміржол бойында 300-ге жуық жүк вагоны межелі жерге жете алмай қаңтарылып тұр. Соның кесірінен кәсіпкерлер миллиондаған теңге шығынға батуда. Себебі әр тұрған күні үшін жүкті жіберуші мен қабылдап алушы жаққа айыппұл салынады. Мәселенің бәрі көлік инспекиясы жүргізген тексеруден басталған. Олар талапқа сай келмейді деп облыс бойынша 37 кірме жолды пайдалануға тиым салыпты. Салдарынан жол бойындағы үш жүзге жуық вагон қозғалыссыз қалды. Оның 96-сына жүк тиелген. ҚТЖ өкілдері сәуірде кірме жолдарға иелік ету құқы жеке компаниядан мемлекетке берілгенін айтады. Соның кесірінен бұрынғы қалыптасқан жүйе бұзылып, жолдарды талапқа сай ұстауға шамалары жетпей жатқан көрінеді. Бірақ кінә өздерінен болса да вагондар жолда қаңтарылып тұрғаны үшін заңға сәйкес жүк иелері берешек болады, дейді.

Бақытгүл Мәмбетова, « ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ филиалының кірме жолдар бөлімінің бастығы:

Біз жалпы формадағы актыны жауып, жүк тасымалын аяқтаймыз. Алайда жүк иесінің ҚТЖ алдында дебиторлық берешегі пайда болады. Өз кезегінде жүк иелері қазір мемлекетке өткен жеке компанияға талап қоюы тиіс.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу