Павлодарда анод шығаратын зауыт жұмысын тоқтатуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда анод шығаратын зауыт жұмысын тоқтатуы мүмкін

19.02.2021

Павлодардағы алюминий өндірісіне қажет анод шығаратын зауыт жұмысын тоқтатпақ. Себебі, экспортқа арналған өнімге тапсырыс жоқ. Негізгі тұтынушы Қытай елі шекарасын жауып тастаған. Ол жақтағы темір жолда былтыр жіберілген 250 вагон әлі қаңтарылып тұр. Мәселе үкіметтік деңгейде шешілмесе, зауыттың 400 жұмыскері қысқаруы мүмкін.

Дамир Масақбаев, кәсіпорынның коммерциялық директоры:
Біздің қоймаларымыз толып тұр. Өнімді өткізу өз алдына, сақтайтын жер жоқ. Тіпті, зауытты тоқтататын жағдай туындады. Дәл қазір жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберу немесе қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Шекарада қазір түрлі тауар тиеген 8 мыңға жуық вагон тұр. Былтыр жіберілген тауар сапасын жоғалтуы әбден мүмкін. Қытай тарапы өнімді алудан бас тартса, жағдай тіптен қиындайды-дейді кәсіпорын басшылығы. Зауыт жылына 170 мың тонна қыздырылған кокс шығарады. Оның 30 пайыздан астамы Қытайға экспортталады.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу