Атырау облысында бір аптаның ішінде 150-ге жуық адам вирусқа шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында бір аптаның ішінде 150-ге жуық адам вирусқа шалдықты

18.07.2022

Атырау облысында індет өршіп барады. Өңірде айналасы бір аптаның ішінде 150-ге жуық адам вирусқа шалдықты.

Жандос Темірғали, тілші:

Денсаулық сақтау басқармасы өткен тәулікте тағы 30 тұрғынның инфекция жұқтырғанын хабарлады. Әсіресе эпидахул қалада ушығып барады. Індетке шалдыққандардың басым бөлігі шаһардан тіркеліп отыр. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 22 науқас жатыр. Оның 8-і бала болса, 7-еуі жүкті әйел. Ал, 300-ге жуық адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Бүгінге дейін 98 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті. 272 мыңы 1 компонентпен егілді. Қыркүйек айына дейін 6 мыңдай доза бөлінді. Ал, өңірлік қорда 130 мыңға жуық доза сақтаулы тұр. Қазір облыста ,,, екпе пункті жұмыс істеп тұр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу