Ақмола облысында талапқа сай келмейтін тауарлар анықталды
Ақмола облысында тексерілген өнімдердің 117-сі талапқа сай болмай шықты. Бұл шамамен 8 пайыз. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі барлығы 1550 тауарды тексерген. 915-і азық-түлік. Оның 66-сы талапқа сай еместігі анықталды. Олардың ішінде ет және сүт өнімдері, макарон, тәттілер бар. Сондай-ақ, өзге де 638 өнім тексеріліп, 51 сәйкессіздік анықталды. Бұл санатта киім-кешек көш бастап тұр. Балалар ойыншықтарының талапқа сай келмеуі де көп. Сәйкессіздік анықталған өнімдердің 80 пайызы импорттық тауарлар. Тексеріс қорытынды бойынша 63 кәсіпкерлік нысанға олқылықтарды жою жөнінде нұсқама жіберілді.
Жанар Қалиева, Ақмола облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
Сәйкессіздіктердің 75 пайызы тауарларды таңбалауға байланысты. Сақтау ережесі мен мерзімі көрсетілмеген. Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ. 6 пайызы микробиологиялық, 9 проценттен астамы физика-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай келмейді. Тұтынушыны алдау да бар, яғни көрсетілген ақпарат тауар құрамымен сәйкес келмейді.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-дағы Шанағаты ауылында ауа температурасы – 56 градусты көрсетті
18.01.2026, 21:22
Трамптың Гренландияны тартып алу жоспарына қарсы мыңдаған тұрғын наразылық акциясына шықты
18.01.2026, 20:10
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты СІМ мәлімдеме жасады
18.01.2026, 20:09
Д.Трамп: Иранға жаңа басшыларды іздейтін уақыт келді
18.01.2026, 20:07
21 жастағы Нұрайдың өлімі: Жақындары ең ауыр жаза тағайындауды сұрап отыр
18.01.2026, 20:02
Энергетикалық сусын, тәтті тағам, фаст-фуд: Бедеулікке не себеп?
18.01.2026, 20:01
Қайтыс болған 996 адамға 3 640 рет қызмет көрсетілген
18.01.2026, 19:59
Сарапшы: Суды үнемдеуден бұрын оны есептейтін жүйе жоқ
18.01.2026, 19:51